Сенімділік қамтамасыз ететін - майлар және майлау материалдары

Басты Компания туралы CHEVRON корпорациясы бүгін

Chevron корпорациясы бүгін

 

Chevron жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі, сонымен қатар әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі болып табылады. Chevron корпорациясы бүкіл әлем бойынша өнімнің кең сұрыпталымын әзірлейді, өндіреді және сатады, атап айтқанда: жанармай, базалық майлар, қоспалар, салқындатушы сұйықтықтар және майлау материалдары. Мұнай өнімдерін өндіруден басқа, Chevron компаниясы энергетика, жабдық пайдалануды оңтайландыру, жабдықтың қызмет мерзімін арттыру саласындағы, сондай-ақ операциялық шығындарды төмендету саласындағы қызметтердің кең тізімін ұсынады.

 

 

 

Chevron Oronite

 

Chevron Oronite

 

Chevron корпорациясының еншілес кәсіпорындарының бірі Chevron Oronite компаниясы болып табылады. Ол пайдаланылатын жабдықтың тиімділігі мен ресурсын жоғарылататын майлау материалдарына, сондай-ақ жанармайға арналған заманауи қоспалар әзірлеу, өндіру және сатуда маманданады. Oronite ғылыми орталықтарының бүкіл әлем бойынша филиалдары бар және олар біздің сатып алушылардың өзекті, сондай-ақ болашақтағы қажеттіліктеріне жауап беретін оңтайлы шешімдер әзірлеу мүмкіндігін ұсынатын, зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жоғары технологиялық зертханалар болып табылады. Rotterdam қ. (Роттердам, Нидерланды) орналасқан Oronite компаниясының кеңсесі автомобиль және теңіз көлігінде пайдаланылатын, майларға арналған әр түрлі қоспаларды әзірлеуде маманданатын аймақаралық орталық (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) болып табылады.

 

 

 

Chevron майлау материалдары

Chevron майлау материалдары

 

Еуропалық аймақта Chevron корпорациясы өз өнімін Texaco брендімен сатады: жеңіл автомобильдер үшін Havoline және коммерциялық көлік үшін Ursa. Ghent қ. (Гент, Бельгия) орналасқан жоғары технологиялық орталық майлау материалдарының сатып алушыларына, сондай-ақ ОЕМ-өндірушілеріне жан-жақты техникалық қолдау ұсынады. Ghent қаласынан (Гент, Бельгия) басқа өндірістік алаңдар сондай-ақ Antwerp (Антверпен, Бельгия) қаласында орналасады.

 

 

 

 

 

Chevron базалық майлары

Chevron базалық майлары

 

Chevron компаниясы базалық майларды өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. 2014 жылы іске қосылған, Pascagoula қ. (Паскагула, Миссисипи штаты, АҚШ) орналасқан, мұнай өңдеу зауытында базалық майларды өндіру бойынша қондырғыға жұмсалған ірі инвестициялар (шамамен 1,4 млрд. доллар) Chevron корпорациясына премиум класындағы базалық майлардың әлемдегі алғашқы өндірушісі болуға мүмкіндік берді. ІІ топтағы базалық майлар коммерциялық, сондай-ақ өнеркәсіптік сегментте кеңінен пайдаланылатын жаңа буынды, өнімділігі жоғары минералды майлау материалдарын өндіруде негіз болып табылады.  
Жаңа қондырғы күнделікті шамамен 25 000 баррель ІІ топтағы базалық май өндіреді,  
ол екі сегменттің де қажеттіліктерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

Chevron салқындатушы сұйықтықтары

Chevron салқындатушы сұйықтықтары

 

Ghent қ. (Гент, Бельгия) орналасқан Chevron Technology компаниясы салқындатушы сұйықтықтарды әзірлеу бойынша әлемдік зерттеу орталығы болып табылады, сұйықтықтардың өзін өндіру де Бельгияда орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

Сақтау және үлестіру

Сақтау және үлестіру

 

Chevron компаниясының Texaco майлау өнімінің Еуропалық үлестіру орталығы Boom қ. (Бум, Бельгия) орналасқан, құю арқылы, сондай-ақ әр түрлі сыйымдылықтарда түсіру мүмкіндігі бар. Өнім сұрыпталымы 250 000 артық позициядан тұрады. Chevron қосарланған үлестіру – Texaco өнімінің тәжірибелі дистрибьюторлары арқылы тікелей және тікелей емес сатылымдар құрылымын пайдаланады, ол Chevron компаниясының өнімінің бүкіл Еуропа аумағында болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Chevron компаниясы майлау материалдарының бірегей және толық біріктірілген жеткізушісі болып табылады. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары Chevron компаниясымен өз бетімен жүргізіледі. Осының арқасында  
Chevron компаниясында автокөлік құралдарының өндірушілері және пайдаланушыларымен,  
сонымен қатар әр түрлі жабдықты пайдалану бойынша мамандармен бөлісе алатын үлкен тәжірибе және ауқымды білім бар.

 

 

 

Қолдау және оқыту

Қолдау және оқыту

 

Жоғары білікті құзыреттері мен көп жылдық тәжірибесінің арқасында, Техникалық қолдау қызметінің қызметкерлері әрқашан Сіздің кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Texaco өнімі әр түрлі инновацияларды енгізу барысында үнемі жетілдіріліп отыруына байланысты, біздің мамандар басқа брендтер өнімін пайдаланған жағдайда да, Сізге әрқашан дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Сонымен қатар, компания өніммен жұмыс жасауды үйрету бойынша техникалық жаттығулар жүргізеді, мұндай жаттығулар жұмыстарды орындау орнында немесе Гент қаласындағы бельгиялық кеңседе жүргізіледі.