Сенімділік қамтамасыз ететін - майлар және майлау материалдары

Басты Компания туралы CHEVRON компаниясы туралы

Chevron компаниясы туралы

 

 

Chevron мұнай мен газды барлау мен өндіруді, оларды өңдеуді, тасымалдауды, мұнай-химиялық өндірісті қоса, мұнай-газ саласының барлық бағыттары бойынша жұмыс істейді. Мұнай-химия өнімдерін өткізу, сонымен қатар электр энергиясын өндіру. Корпорацияның штаб-пәтері Сан-Рамонда (Калифорния) орналасқан, ал оның қызметі әлемнің 180 артық елінде жүзеге асырылады

Chevron және оның дистрибьюторлары 130 жылдан артық уақыт ішінде тұтынушыларды майлау материалдарымен қамтамасыз ету және сәйкес қызметтер ұсыну бөлігінде ең жоғары сапа стандарттарын көрсетуде. Өнеркәсіптік жаңалықтар мен қолданбалы білім саласындағы танылған көшбасшы бола отырып, Chevron сатып алушылар мен жабдық өндірушілерінің ең қатаң талаптарынан асатын өнім мен қызметтерді жеткізеді.
Компанияның тарихы пайдаланушылық қасиеттер деңгейіне, қоршаған ортаны қорғау мен дизельді қозғалтқыштардың қызмет көрсету технологияларына қатысты талаптарға әрқашан сәйкес келетін, аса ауыр жұмыс жағдайларына арналған дизельді майларды әзірлеуге инвестиция жұмсаумен тығыз байланысты.
Chevron корпорациясы шығаратын Chevron маркалы майлау материалдары әлем бойынша жабдық өндірушілерімен мойындалған және сапасы жағынан API (АҚШ), ACEA (Еуропа Одағы) и JASO (Жапония) қоса, халықаралық стандарттардың пайдаланушылық талаптарынан асып түседі.


Жаңа энергетикалық технологиялар

 

Chevron корпорациясы көмірсутек шикізатын өңдеу, ғаламдық цифрлық инфрақұрылым мен ақпараттық технологияларды қамтитын, алдыңғы қатарлы энергетикалық технологияларды әзірлеу мен енгізу саласына белсенді қатысады. Chevron сондай-ақ күн батареясы қондырғыларын, нано-материалдар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, сонымен қатар отын ретінде сутекті қолдану саласындағы әзірлемелермен айналысады.



 Chevron Oronite Company


Мұнай химиясы мен қоспаларды өндірудегі жаңа технологиялар

 

Chevron Oronite Company – Chevron корпорациясының еншілес фирмасы болып табылады. Компания жанармайға және майлау материалдарына арналған «Оронайт» (Oronite) фирмалық маркасымен бүкіл әлемге белгілі 300 артық қоспаларды әзірлейді, өндіреді және әлемдік нарықта сатады. Қоспалар бензинді және дизельді қозғалтқыштардың, сондай-ақ табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштар және гидравликалық сұйықтықтар, майлау тәрізді басқа жанғыш материалдардың барлық түрлері үшін әзірленеді.

Орталық және Шығыс Еуропа аймағында Oronite сауда қызметін 20 жылдан артық жүргізуде. Еуропадағы Oronite өндірістік қуаттылықтары Францияның Гонфревиль Л’Орше қаласында, Гаврдан жақын орналасқан.


Chevron тарихы

 

Chevron компаниясының тарихы 1879 жылдан бастамасын алады. Сол жылы Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында заманауи үлкен корпорацияның негізін қалаушы болған «Пасифик ост ойл Кампани» компаниясы тіркелді.

 

1900 жыл – Джон Рокфеллер жас әрі болашағы үмітті компанияны сатып алып, оны өзінің «Стандарт Ойл» трестінің құрамына енгізеді. ».

 

1901 жыл – капитан А.Ф.Лукас Спиндлтоп Хилл жеріндегі бұрқақты ұңғыманы ашады. Ұңғыманың қуаттылығы 50 мың баррель, бұл факт АҚШ-ты таңғалдырып, әйгілі Техастық «мұнай дүрлікпесін» бастайды. Сол жылы Пенсильваниялық мұнай бизнесмені Джозеф Каллинан Спиндлтопты сатып алып, құрылымдарын «Тексас Фьюэл Ко» («Техас Жанармай Компаниясы») компаниясына біріктіреді.

 

1902 жыл – Джозеф Каллинан серіктесі Арнольд Шлетпен бірге «Тексас Кампани» құрып, бір айдан кейін ол «Тексас Фьюэл Ко» компаниясын жұтады.

 

1903 жыл – «Тексас Кампани» Техастағы Саур-Лэйкта алғашқы үлкен мүнай кен орнын ашады.

 

1905 жыл – Антверпенде (Бельгия) ұлтаралық терминалдың салтанатты ашылуы өтеді.

 

1911 жыл – «Тексас Кампани» компаниясы «Стандарт Ойл Кампани оф Калифорния» болып түрленеді. Компания өнімін АҚШ штаттары бойынша жылжыту, Нью-Йоркте (Бруклин) алғашқы жанармай құю станциясының ашылуы.

 

1918 жыл – бензинды коммерциялық мақсаттарда синтетикалық жасаудың алғашқы әзірлемелері.

 

1928 жыл – корпорацияға нарықтың алыбы – «Калифорния Петролеум» қосылады. Өткізу нарықтары сол кездегі Американың барлық 48 штатына дейін кеңейеді.

 

1920-30-шы жылдар – халықаралық геологиялық барлауға алғашқы инвестициялардың жұмсалуы. Зерттеулер өз жемісін әкеледі – Сауд Арабиясында және Бахрейнде мұнайдың алғашқы үлкен кен орындары анықталады. Таяу Шығыста аймақты мұнай өндірудің әлемдік ағынында бірінші орындарға шығаратын жұмыстар қарқынды жүргізіледі.

 

1931 жыл – «Стандарт Стейшенс Инк.» негізі қаланып, оның символына шеврон айналады. Бұл элемент жанармай құю станцияларынан сағатына 25 мильге (40 километр) дейінгі жылдамдықпен «зымырап өтетін» жүргізушілердің көңілін аударуға арналған.

 

1936 жыл – «Стандарт Ойл» және «Тексако» компаниялары бірлесіп, «Калтекс» кәсіпорнының негізін қалайды және осы брендпен Африканың, Еуропаның және Азияның нарықтарын игереді.

 

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде сауда бүкіл әлем бойынша белсенді жалғасады және авиация мен субмариналардың шабуылдарына қарамастан, Тексако және Шеврон танкерлері жүкті Еуропаға (Мальтаға) сәтті жеткізеді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін компаниялардың бүкіл әлем бойынша геологиялық зерттеулері күшейеді. Осының арқасында Австралияда, Индонезияда, Мексика шығанағында және Солтүстік теңіздегі Британия жағалауларында бай мұнай кен орындары ашылады. 1944 жыл – Индонезияда белгілі «Калтекс» кен орны ашылады.

 

1958 жыл – мұнай өндірудің жаңа технологиялары пайдалануға енгізіледі, әлемдегі алғашқы мұнай платформасы ашылады.

 

1959 жыл – «Тексас Ко.» компаниясының атауы «Тексако Инк.» болып өзгертіледі. »

 

1963 жыл – Суматрадағы мұнай өндіру зауыттарын тиімді басқару үшін, Тексако және Сокал компаниялары «Калтекс Пасифик Индонезия» («КПИ») өндірістік трестін құрады.

 

1974 жыл – Солтүстік теңіздегі Ұлыбританияның аумақтық суларында «Нониан» және «Тартан» жаңа кен орындары анықталады. Сокал Тексаконың операторы және серіктесі құқықтарымен жұмыс жасайды, ал Солтүстік теңіздегі мұнай өндіру саласы Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің экономикасында айтарлықтай өзгерістер тудырады.

 

1983 жыл – тарихта алғаш рет Тексако компаниясы Қытай үкіметімен маңызды мұнай шартына қол қояды.

 

1984 жыл – «Стандарт Ойл Кампании оф Калифорния» ребрендинг жүргізеді. Компания өзіне әлемге әйгілі Chevron-логотипін қалдырып, атауын Chevron етіп өзгертеді.

 

1988 жыл – Chevron компаниясы Мексика шығанағының қайраңы аумағындағы ірі кен орындары бар «Теннеко Инк.» газ алыбының активтерін сатып алады. Ол Chevron компаниясын АҚШ-тың ең ірі газ өндіруші компанияларының біріне айналдырады.

 

1993 жыл – Chevron корпорациясы Қазақстан үкіметімен маңызды шартқа қол қояды. Жаңадан құрылған қазақ-америкалық «Теңізшевройл» БК ауқымды Теңіз мұнай кен орнын игеруді бастайды.

 

2001 жыл – Chevron – әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі, Texaco корпорациясымен бірлесіп, олардың бірлестіктері ChevronTexaco брендімен ғаламшардың ең үлкен энергетикалық корпорацияларының арасында бірінші орынға шығады. Осымен қатар, Ресейде және Қазақстанда экспорттық құбыр желісінің стратегиялық маңызды құрылысы аяқталады. Каспий құбыр консорциумының арқасында Теңіз кен орны Ресейдің Қара теңіз жағалауымен жалғасады.

 

2005 жылғы 9 мамыр – ChevronTexaco корпорациясы әлемдегі ең ірі біріктірілген энергетикалық корпорация мәртебесін сақтайтын Chevron Corporation болып түрленеді. Ол Chevron Corporation кен орындарын барлаудан бастап әлемнің барлық бұрыштарындағы миллиондаған тұтынушыларға жанармай мен майларды тікелей сатуға дейін мұнай өңдеу мен мұнай бизнесінің барлық буындарын қамтитынын білдіреді. Chevron Corporation өнімінің өндірістік сұрыпталымы барлық машиналар мен жабдық түрлеріне арналған трансмиссиялық және мотор майларын, сұйықтықтарды, индустриялық және арнайы майларды, өнеркәсіптің барлық салаларының машиналарына арналған майлауды қамтиды. Chevron Corporation майлар, майлау материалдары мен басқа мұнай өнімдерін жеткізу мен сатуды іске асыратын бүкіл әлемдегі ресми дистрибьюторлардың желісі бар. Бүгінгі күні әлемнің 120 артық мемлекетінде Chevron Corporation өндірістік және коммерциялық бағыттағы құрылымдық бөлімшелері бар, ал корпорацияның әлемдегі жалпы қызметкерлер штаты 50 мыңнан астам жоғары білікті кадрларды қамтиды.