Сенімділік қамтамасыз ететін - майлар және майлау материалдары

Басты Компания туралы Біз туралы

Біз туралы

 

 

 

• 22 жылдан артық Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің аумағында Сhevron және Texaco майлау материалдарының уәкілетті дистрибьюторы болып табылатын «Май Тау» компаниясы әр түрлі: кез келген модификациядағы мотор, редуктор және трансмиссиялық майлар, барлық типті индустриялық майлау материалдары, қою майлау, антифриздер, арнайы майлау материалдары, сұйықтықтар және т.б. мақсаттағы әлемге әйгілі майлау материалдарының толық спектрін ұсынады.

 

• Барлық жеткізілетін өнім АҚШ және Бельгияда орналасқан зауыттарда шығарылады. 


• Біздің клиенттік қор Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің 1 000 артық кәсіпорындарын қамтиды. Олардың арасындағы ең танымалдары: «Теңізшевройл» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.", «Parker Drilling», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Nova – Цинк» ЖШС БК, SaiPar Drilling Company B.V. Karachaganak Project , «Шлюмберже», «Weatherford International Ltd», «Halliburton», «ҚуатАмлонМұнай БК» ЖШС және көптеген басқа компаниялар. Тұтынушылардың көпшілігімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалған.


• «Май Тау» компаниясында Сhevron және Texaco майлау материалдарын сатып алған кезде біздің тұтынушылар барынша тиімді шарттармен өндірушінің үздік өнімін алады. 


• Біздің компанияның штатында тұтынушыларымыздың кез келген сұрақтарына, оның ішінде қолданылатын жабдық үшін оңтайлы жарамды майлау материалдарының лайықты түрін іріктеуге байланысты сұрақтарына білікті жауап беретін кәсіби мамандар жұмыс істейді. 


• Біздің Алматыда, Атырауда, Ақтауда, Ақтөбеде, Ақсайда, Оралда және Қарағандыда бөлімшелеріміз бен өнім қоймаларымыз бар. Қоймаларымыздағы ағымдағы қорлар 400 тоннадан төмендемейді. Ірі тұтынушылар үшін біз тікелей жеткізілімдерді жүзеге асырамыз. 


• Біздің стандартты баға саясатымыз тұтынушыларға өздері үшін экономикалық тұрғыдан оңтайлы жеткізу шарттарын таңдауға мүмкіндік береді. Ірі тұтынушыларға деген біздің көзқарасымыз әрқашан өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын табуға мүмкіндік береді. 


• «Май Тау» компаниясы ТМД аумағында жалғыз болып Алматыдағы кеңсесінде пайдаланылатын майға талдау жүргізуге арналған бірегей жабдық – жабдықты уақтылы жөндеу мен қызмет көрсету бойынша клиенттерге ұсыныстар беруге мүмкіндік ұсынатын талдағышты орнатты. Талдағыш майлауды қолдану саласындағы ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланумен, АҚШ-та әзірленген және жасалған. Әлеуетті тұтынушылармен келіссөздерді бастаған кезде, біз майлау материалдарын іріктеу әдістемесіне жаңа көзқарас негізі ретінде пайдаланылатын майлау материалдарын тестілеудің ұзақ мерзімді тәжірибемізді ұсынамыз.